Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

«Семей инжиниринг» АҚ-на Шәкәрім атындағы университеттің делегациясы келіп кетті

28-05-2021, 15:20 2 390
      2021 жылғы 26 мамырда «Семей инжиниринг» АҚ-на ғылым, білім және өндірісті интеграциялау мәселелерін кәсіпорын басшылығымен пысықтау үшін басқару төрағасы – ректор Б.А. Ердембеков бастаған Шәкәрім атындағы университеттің делегациясы келіп кетті. 
Кездесу барысында «Семей инжиниринг» АҚ Бас директоры – Талғат Тоқтарханұлы Тұрлыбаев делегация мүшелерін зауыттың тарихымен және оның қызметімен таныстырды. Университтің делегациясы үшін экскурсия және өндірістік процестің кезеңдерімен таныстыру жүргізілді. 
     Бас директор кәсіпорынмен өндірісте қазақстандық мазмұнды 2-ден 56%-ға дейін арттыруға қол жеткізілгендігін айтып өтті. Сондай-ақ, басшымен инженерлік мамандықтағы кадрлардың, жекелеп айтқанда, құрастырушыларға, машина жасаушыларға, басқару және автоматтандыру жүйелері мен  3D үлгілеу бойынша мамандарға деген тапшылық дерегі атап өтілді. 
     Кәсіпорын басшылығы осы мәселені Шәкәрім атындағы университет түлектерін жұмысқа қабылдау жолымен шешуге деген үмітін білдірді.  
     Сапардың аяқталуы сәтінде тараптармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кадрларды даярлау мәселелеріндегі өзара-қарым-қатынас, білім беру бағдарламаларын келісу, сондай-ақ, гранттық және бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру жобалары аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу сөз етілді. 
     Бұдан бұрын кадрлық резервті құру үшін, 2019 жылы «Семей инжиниринг» АҚ бастамашылық етуімен алғаш рет Қазақстан Республикасында «Аскон» АҚ және Шәкәрім атындағы университетпен ынтымақтастықта жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар және кәсіпорынға жұмысқа  орналасу сертификаттары берілген, 3D үлгілеу бойынша олимпиада өткізілген болатын. 
Сондай-ақ, мектептермен, колледждермен және облыстың, бүтіндей алғанда,  Республиканың жоғарғы оқу орындарымен, жекелеп айтқанда, «Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдар академиясымен», «Қазақстан инжиниринг ҒЗИ»,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетімен жұмыстар жүргізілуде. 
       «Семей инжиниринг» АҚ мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру мен шеберлік дағдыларды дамыту болып табылатын «WorldSkills» халықаралық коммерциялық емес қозғалысына колледж оқушыларының қатысуы үшін өндірістік және жаттығу базасы ретінде көмек көрсетеді.