Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

«Семей инжиниринг» АҚ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен және «Аскон-Қазақстан» ЖШС бірлесіп 3D үлгілеу бойынша ашық Олимпиада жүргізеді

8-05-2019, 10:17 2 808


        «Семей инжиниринг» АҚ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен және «Аскон-Қазақстан» ЖШС бірлесіп 3D үлгілеу бойынша ашық Олимпиада өткізеді.

            

         Олимпиада зауыттың 43-жылдығын мерекелеу, Жастар жылы мен өнеркәсіп саласындағы цифрлық технологияларды енгізу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде, цифрлық өндірістің технологияларын,  аддитивті технологиялар мен жаңа материалдарды зерттеумен әуестенетін дарынды жастарды айқындау мен қолдау үшін жүргізіледі. 


  1. Іріктеу туры – 2019 жылғы 10 мамырдан бастап 2019 жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі. Іріктеу турының жеңімпаздары Олимпиаданың ақтық турына өтеді. 
  2. Ақтық тур - 2019 жылғы 5 маусымда өтетін болады. 

       Олимпиада жеңімпаздары «Семей инжиниринг» АҚ-нан, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен және «Аскон-Қазақстан» ЖШС-нен бағалы сыйлықтармен  марапатталатын болады. 

         Олимпиадаға қатысу үшін «Семей инжиниринг» АҚ   сайтында «3D олимпиадаға тіркелу» арнайы нысанында тіркелуге болады.