Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

Бөгет танктері: неліктен дрондар мен ұшқышсыз құралдар Т-72-ні алмастыра алмайды

26-11-2020, 12:30 2 639
Таулы Қарабақтағы соңғы, Сириядағы, Ауғанстандағы, Ирактағы, Шешенстандағы сәл бұрыңғы қанды оқиғалар мемлекеттік  қайраткерлерді қайтадан ойландырды: егер заманауи қарулы қақтығыстарда ұрыс алаңындағы үстемдікті епті ұшқышсыз құралдар мен кезбе дрондар күннен-күнге сенімді сезініп алып жатса, біздің армиямызға қымбат тұратын танктер қажет пе?


 Азаматтық сарапшылардың пікірінше, осылар қарсыластың танкілеріне экипаждың құтқарылуына ешқандай да бір мүмкіндік қалдырмастан, әуеден таңғаларлық дәлдікпен шабуыл жасайды. Осы шынымен де осылай ма, осындай жағдайларда не істеу қажет? Отандық танк құрылысын дамытуды жалғастыру және кеңестік өндірілген, ескірген Т-72-ні күрделі жөндеуге ақша жұмсау керек пе немесе осы «құрышмаңдайлы-шығынды» ойдан біржола бас тарту керек пе? 

«Караван» бүгінгі заманның осы бір көкейкесті мәселесіне Семейдегі броньдалған танк зауытының цехтарына көз тастап жауабын тапты...
«Семей инжиниринг» АҚ тарихы 1976 жылдан бастап бастау алады. Іске қосылған алғашқы күннен бастап зауыт №349 БТЖЗ кодты атауымен КСРО-ң Қарулы Күштерінің құрамына енді. Зауыт тоқсаныншы жылдарға дейін Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің құрамында жұмыс істеп, Орта Азия әскери округіне қызмет көрсетті. 80-ші жылдары, Ауғанстағы соғыстың аса қызып тұрған шағында, дәл осы жерде қатардан шығарылған ұрыстық техникалардың жөндеуі жүргізілді. 
Отандық ҚӨК дамуымен және біздің армияның қару-жарақтың ең жаңа түрлерімен жарақтандырылуына байланысты зауыт көптен бері тек қана күрделі жөндеуді ғана емес,  броньдалған техниканы жаңғыртуды да жүргізеді, деп бастады өз сұхбатын арнайы «Караван» үшін «Семей инжиниринг» АҚ-ң Бас директоры Талғат ТҰРЛЫБАЕВ.  – Біз ірі ресейлік холдингпен бірлесіп осы жерде біздің қазақстандық (!) өндірілген басқару және қорғаудың оптикалық жабдықтары мен аспаптық кешендерін орнатуды жүзеге асырамыз. Біз мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындай келе, биыл әзірленетін қосалқы бөлшектердің атаулықтарын біздің жалпы сұранысымыздан 60 пайызға дейін ұлғайттық. Бұның өзі осымен шектелмейді. Зауытта өндірістің көлемдері үнемі арттырылып, өнімдердің түржинақтары кеңейтіліп, әлеуметтік саясат пен техникалық қайта жарақтандырылуға инвестициялар салынып  отырылады. 
- Талғат Тоқтарханұлы, шынын айтыңызшы: егер заманауи ұрыста Таулы Қарабақта көрнекі түрде көрсетілгендей, оларды жүздеп әуеден дрондар жойып жатса, сіздердің осы жаңғыртылған танкілеріңіз керек пе?
- Қанеки, бірге еске түсірейікші. Танк әскерлерін дамытудың барлық тарихы – бұл танк пен танктік қарудың қорғалуының тайталасы. 1915 жыл: танктер сол заманның жетілдірілген ұрыстық машинасы. Жойқын күш! Бірақ тез арада танкке қарсы қару-жарақ пайда болды. Танктік құрыш айрықша күшейтілген кезде, қару-жараққа қарама-қарсы танкке қарсы зеңбіректер, гранометтер, шоғырлауышты снарядтар қолданылды. Қазір басымдық танкке қарсы құралдар жақта: ұшқышсыз құралдар, әуеде ұшу, дрондар өз басты орындарын тауып тұр. Бірақ келесі қадам танк пен оны пәрменді қорғауды әзірлеуде. Біздің құрылымдаушылар осы тапсырма бойынша жұмыс істеуде. Бірақ құпияларды ашпаймын. Әскерилерден сіздерге танк керек пе деп сұраңыздар. Олар сіздерге анығын айтады. Біз бүгін оларға күрделі жөндеуден шыққан броньдалған техниканың он шақтысын тапсырмақпыз. Міне олар теміржол платформаларына тиеулі тұр. Генералдар дән риза. Олардың айтуынша, танксіз жауынгерлік тапсырмаларды орындау мүмкін емес.         
      Бұл жауынгерлік машина белсенді және енжар қорғаудың деңгейі бойынша броньды техниканың басқа түрлерінен басым. Танктің тамаша өтімділігі бар және ол өздігінен ұзақ жорықтар жасауға,  сондай-ақ, ұрыста белсенді қозғалуға қабілетті. Басқа күмәнсіз басымдылық – оның оқ ату қуаты. Танктік қару – құрлық бөлімшелері қабілетті, тікелей көрініп тұрғанды талқандаудың ең қуатты құралы болып есептеледі.   Осы бір ұрыстық сапалар қорытындылай келгенде «танктің формуласы» деп аталатын: құрышты, отты, тәсілдерді құрайды. Және де дәл осылар танкті қару-жарақтың кез-келген басқа түрлерінен сапалы түрде ерекшелейді.  
Генералдардың танктердің өміршеңдігі жайлы өз пікірлері бар
Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясының бастығы, генерал-лейтенант ӘМІР ХАЛЫҚОВ әскери мамандығы бойынша – танкист. Оның кәсіптік ойын Бас штабтағылар да, әскерлер де түгелімен қолдап отырады. Талассыз беделге ие. Кезінде ол өз қызметін танктік ротаның, батальонның командиры лауазымымен   бастаған. Одан кейін полк, бригада, Бас штаб... 
- Әмір Қасымбекұлы, кейбір азаматтық сарапшылар танктің заманы баяғы заманда өтіп кетті деп пайымдайды. Олар «ұрыста авиацияны, ұшқышсыз аспаптарды, жауынгерлік дрон-жанкештілерді қолдану кезінде өте осал». Сіздің көзқарасыңыз қалай, шынымен де солай ма?  
 - Зақымдаудың себебі танктерде емес, ұрысты жүргізудің мақсатқа сай емес тәсілі болуы мүмкін. Қатты ойлы-қырлы жерлері бар Кавказды танктерді қолдануға арналған мінсіз жер деп айта алмайсың, және де олардың өміршеңдігі мен қолдану тиімділігі жайлы қандай-да бір асығыс қорытынды шығаруға болмайды. Ол жерде тараптардың бірде біреуінің жерде өз бөлімшелерін қорғауға арналған қажетті әуе шабуылына қарсы қорғану болған жоқ. Нәтижесінде танктерде өзін-өзі қорғауға мүмкіндік аз болды. Сол кезде сириялық жорықтағы сияқты танкистер бірнеше тактикалық әдістерді шебер қолдана білді. Бұл ұрыстық машиналарды іс жүзінде зақымданбайтын қылды. Бұрыңғы әскери және запастағы офицер ретінде маған жауап беріңізші: соғыс қимылдары болған жерлердегі ашық кеңістіктерде, мысалы, біздің Қазақстандағы сияқты кең далада танктердің үлкен құрамаларын жою үшін жаудың қанша дрондары қажет етіледі? Бұл БПЛА көздегішін қолданып, асықпай, бірінші және соңғы машинаны қиратып, ал қалғандарын атып тастап, колоннаға тосқауыл қою жеткілікті таулы шатқал емес.
- Құрметті генерал-лейтенант, сіз қарулы қақтығыстардың ең жаңа сипатты жағдайларында шынымен де танкті ештемемен алмастыруға болмайды деп есептейсіз бе? Және де бұл бұрыңғыдай құрлық әскерлерінің басты екпінді күші және сондықтан бұған көп ақша салуды жалғастыра беру керек дейсіз бе?
- Ия. Себебі, танктік ұрыстық сапалары әзірге ешбір құрлықтық ұрыстық машинада жоқ. Сондықтан болашақта көз жетерлік кеңістікте қазіргі ұрыс алаңында танктерді жоғалтудың маңыздылығы жайлы айту ерте.  Танкті ерекшелейтін екі артықшылықпен дауласуға болмайды. Біріншіден, оның оқ ату қуаты. Танк өзіне қарағанда қорғанысы әлсіз кез-келген броньды машинаны кепілді түрде жайратады. Нысананы айқындағаннан жайратқанға дейін мысалы, зымыран кешеніне қарағанда, айрықша аз уақыт жұмсайды. Екіншіден, қорғалғандық. Сылбыр қорғанудан басқа – көп қатпарлы құрамдастырылған құрыш пен құрастырылымдар, заманауи танк белсенді қорғауға ие.
- Бірақ біздің қару-жарағымыздың қатарында сонау кеңес заманында өндірілген Т-72 танкілері басым. 2021 жыл табалдырықтан аттағалы тұр. Бұл танкілер пайдаланудан кейінгі он жылдан соң ескірген жоқ па? 
Танк, ұрыстық машина сияқты, егер оны үнемі жетілдіріп отырмаса, ескірмейді. Оның шынымен де ең нашар қорғалған неғұрлым осал жері төбесінде. Бірақ осы кемістік жойыла алады. Бірақ біздің зауыттық құрылымдаушылар осы бойынша жұмыс істеп жатыр. Жеңілдетілген түрде мұндай қорғаныс негізгі броньның үстіне орнатылған жарылғыш затты блоктар түрінде болады. Блоктар қарсы ұшып келе жатқан снарядты  немесе зымыранды олардың бағытын өзгерте отырып немесе негізгі құрышқа түскеніне дейін қарсы жарылады. Динамикалық қорғанысқа белсенді қорғаудың кешендерін, оптикалық-электронды басу кешендерін жатқызуға болады. Біріншілері жақындап келе жатқан бағытта субоқ-дәрі зақымдау құралы немесе зақымдау элементтерінің шоғырын атқылайды, ал қауіпті миллиметрлік ауқымда кіші габаритті радиолокациялық стансалардың көмегімен айқындайды. Екіншілері лазерлік көздеуіші бар жоғары дәлдікті қарсы әрекет ету қаруы, оның ішінде авиациялық  орналасу, сондай-ақ, инфрақызыл өздігінен бағытталу және лазерлік қашықтық өлшеуішті қару-жарақ үшін тағайындалған.  
      Қалай болғанда да, танк қаншалықты заманауи және жарақтандырылған болса да, ол ұрыстық тиімділігі адамға, экипаждың шеберлігі мен ұйымдастығына тәуелді бар болғаны құрал. Кез-келген басқа қару сияқты оларды қолдана білу де керек. Егер біреудің қолында бұл қарсылас үшін сипатты аласа сұлбалы нысана болса, басқаларда ұсталмайтын және ажал төндіретін машина. Айтпақшы, Халықаралық армия ойындары шеңберіндегі танктік биатлон көрнекті түрде көрсеткендей,  біздің танкистер шебер және батыл әрекет ете алады.  
- Бірақ біздің танкистер бірінші болмаса да, сөз жоқ ерекшеленді. Және де бұл нағыз ұрыс емес, жай ғана бейбіт келісім. 
- Ұрысқа келетін болсақ, сіздердің естеріңізге сала кетейін: танк тікелей өз қаруының әрекет ету аумағында жұмыс істейді. Оның қозғалысының қауіпсіздігі мен атыс бекінісіне кедергісіз жылжытуды қамтамасыз ету – бұл машинамен ұрыс алаңында өзара әрекеттесетін басқа күштердің тапсырмасы.  
- Қазір жауынгерлік әрекеттер Ұлы Отан соғысы жылдарындағыдай ашық жазықта емес, жиі-жиі қаланың шетінде болып жатыр.
 - Дұрыс, мұндай жағдайларда жаяу әскерге қуатты және мықты қорғалған шабуылдайтын құрал қажет. Мына жағдайда танктік қарудың ғимараттардағы жанды күшке және күшейтілген атысты нүктелерге өте жақсы шамасы келеді. Сириядағы соғыстағы тәжірибе, шешен соғысындағы қақтығыстар қалыпсыз қарулы құрылымдармен күресте танкінің қажеттілігі туралы айқын куәландырады.  Танктер қорғаныстағы да, шабуыл жасау кезіндегі сияқты шиеленіскен ұрыстар үшін де қажет. Бұл соққы берудің ұтқыр құралы артиллериямен де, авиациямен де, оның ішінде ұшқышсыз құралдармен де толықтай ауыстырыла алмайды. Тіпті қанатты зымырандармен немесе дүркін оқ атудың реактивті жүйелерімен де.  Танк – қарсыластың нығайтылған қорғанысының жаяу әскеріне арналған тазалайтын шабуыл жасайтын құрал. Ұрыста жаяу әскерге қуатты психологиялық қолдау көрсететін танктің артынан қозғалу маңызды. Ресейдің Қарулы Күштері офицерлерінің қорытындылары бойынша, сол Сириядағы жауынгерлік әрекеттердегі тәжірибелерге сүйенсек, «танктердің қолдауынсыз жаяу әскер жер тасадан шабуылға  шыға алмайды».
Отандық қорғаныс шұғыл мемлекеттік қолдауға мұқтаж 
 «Караван» бірнеше рет ҚӨК мемлекеттік сыңайлы сектордың кәсіпорындарымен және жеке кәсіпорындармен байланысты бірқатар мәселелерді көтерген болатын. Сонымен қатар, жеке кәсіпорындар үшін әзірше әскери техника мен  қару-жарақтың жекелеген үлгілерін, басқа да әскери мүліктерді қоса қосқанда беру қарастырылған жоқ. Мысалы, күрделі жөндеу мен жаңа атаулықтарды жаңғырту бойынша жұмыстарды игеру, оқ-дәрілер өндірісі үшін атылған гильзасын қолдану өндірілетін өнмідердің өзіндік құнын айрықша қысқартар еді.
 -  Мемлекеттік деңгейде ҚӨК кәсіпорындарының да, сәйкес лицензиялары бар мемлекеттік сыңайлы кәсіпорындардың бағыттарын бөлу және бекіту қажет, - деп әскери сарапшы, запастағы полковник Мұхтар ҚАРАБЕКОВ түсінік берді. – Елде үш жылдық бюджет. Олай болса, жекелерді қоса қосқанда ҚӨК кәсіпорындарымен осы кезеңге келісімшарт жасамасқа? Жыл сайынғы түзетумен 3 жылға келісімшарт жасау, әрине, өндірістік процесті ұйымдастыруға арналған қосалқы бөлшектер мен шикізаттарды сатып алумен байланысты көптеген мәселелерді шешер еді.   Қазақстанда әскери техника мен қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді сынауға, жеке қорғау құралдары мен олардың сертификаттауына бағытталған мамандандырылған сынақ орталықтары, полигондар жоқ. Бұл жайлы неге екенін қазір ешкім айтпайды.
 - ҚӨК кәсіпорындарының мұны ұйымдастыруға күші жетпей ме? Полигондарды жабдықтау, оларды ұстау, дамыту? 
 - Бұл сұрақ маған арналмаған. Біз әзірше сәйкес орталықтарға, негізінде Ресей Федерациясының   сынақ полигондарына өтініш білдіруге мәжбүрміз.  Бірақ біздің кәсіпорындар қажетті қолдауды бірқатар себептермен, оның ішінде жоғары бәсекелестіктің салдарынан ала алмай отыр. Осыған байланысты, сәйкес нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мақсатқа сай еді.  Өз полигондарын қолдану, осы орталықтарды жабдықпен жабдықтау, мемлекеттік-жеке серіктестіктің шеңберінде қажетті кадрлармен жасақтау отандық ҚӨК дамытуға түрткі болар еді. Бұл біздің оқыту және ғылыми ұйымдарға ғылыми, техникалық кадрларды даярлау кезінде пайдалы болар еді. Баға белгіленімі мәселелерінде де сәйкес нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігі бұрыннан мерзімі жеткен мәселе еді.   Әлеуметтік сипаттағы кәсіпорындарға өзінің қызметкерлері үшін шығындарды  өнімдік өзіндік құнына қосу туралы. Бұның бәрі елдің қорғаныс қабілеттілігін күшейтеді. Әсіресе әлемдегі соңғы жаңалықтар тұрғысында.
- Сіз әскери сарапшы ретінде отанды танк құрылысын дамыту туралы қандай ойдасыз? Қару-жарақ қатарында тұрған, ескірген Т-72 армияға әлі қызмет ете ала ма? 
 - Әрине, қызмет етеді. Өз басым қос қолымды көтеріп қолдаймын.  Дегенмен оларды шынымен де жаңғырту қажет. Ал «Семей инжиниринг» АҚ дәл қазір осымен белсенді түрде айналысуда.
- Танкті күрделі жөндеу қазір қанша тұрады?
- Дәл айта алмаймын, бірақ оған бір жарым миллион жұмсау керек деп ойлаймын. Әрине, 1,5 миллион АҚШ доллары. Теңгеде емес. Жаңа танктің анағұрлым қымбат екендігін ескерсек, бұл капиталды тиімді салу. Танктің нысананы оттық жаншудың жылдамдығы бойынша кез-келген басқа құралдарды айрықша басым екендігін растаймын. Броньды техниканы оқытылған экипажбен шебер қолдану – бұл соғысты жүргізудің классикасы. Және де танктер бұл классикада өзінің лайықты орнын алады және үнемі алатын болады.

 



Авторы: Владимир Северный

Бастау көзі: "Караван" онлайн баспасы