Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

Мәскеу түбіндегі Кубинкадағы «Армия 2018» халықаралық әскери-техникалық форумындағы Қазақстан Республикасының стендісі әлеуетті жеткізушілерді қайтадан өз көлемімен және қонақжайлылығымен тәнті етті.

23-08-2018, 10:35 2 050

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik, Алексей Стефанов. Қазақстан РФ Қарулы Күштерінің «Патриот» саябағында «Армия 2018» әскери-техникалық форумына үшінші жыл қатарынан қатысып отыр және де дәстүрлі түрде ұлттық стендісінің көлемімен жақсы әсер қалдыруда. Осы жолы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аясында тоғыз кәсіпорын жиналған болатын. Олар әскери және екі бағытты бұйымдардың 120-дан астам үлгілері мен пішіндерін ұсынды. Форум жұмысының алғашқы күні-ақ министрліктің өкілдері мен компанияның басшылары қызу қарбаласта болды - оларды тек таңертең ғана стенд маңынан көру мүмкін еді.  «Биылғы жылы біздің стендіде жоғары экспорттық әлеуеті бар кәсіпорындар көрсетілген. Қойылған үлгілердің көбі бәсекеге қабілетті, арасында тіпті ТМД-да ешбір ұқсастықтары жоқтары да бар», - деп атап өтті Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз хатшысы Әсет Нұркенов. Ол ұлттық стендіде қонақжай қожайынның рөлін екінші жыл қатарынан атқаруда.  Мәскеу түбіндегі Кубинкаға қойылған Қазақстан қойылымдары – 200 шаршы метрден астам аумақты қамтиды.  Бұл жерде қонақтарды құшақ жайып қарсы алады – барлық бағаналарда міндетті түрде тәттілер салынған тостағандар тұр, ал кезекті делегация келе салысымен стендіге қайтадан тәтті-дәмділер қойылады. 



«Қорғаныстық өнеркәсіптің азаматтықтан ерекшелігі өте айтарлықтай байқалады.  Жасалуы мүмкін келісімшарттардың сомаларын айтуға әлі ерте, олар туралы  форумның қорытындысы бойынша айтуға болады, бірақ бұның ашық ақпарат болуы екіталай.   Тек қана өткен жылдың қорытындысы бойынша бүгінгі күні тұрақты түрде жүзеге асырылып отырған бірқатар шарттарға, келісімдерге қол қойылғандығын айта аламын», - деді Әсет Нұркенов. 

Ол тек Ресей Федерациясының кәсіпорындарымен ғана емес, бірқатар алыс және таяу шетелдермен  ынтымақтастықтың бар екендігін айтып өтті. Форумға қатысушылар қазақстандық кәсіпорындардың өнімдеріне үнемі қызығушылық танытады: алыс шетелдің өкілдері бұрмаланған ағылшын тілінде  стендіде ұсынылған осы және басқа да әзірлемелерге қызығушылық танытты. Әлеуетті серіктестердің сұрақтарына ерекше жауап бергендердің ішінде «Семей инжиниринг» АҚ Бас директоры – Талғат Тұрлыбаев та бар еді. 

«Біз форумда «Рособоронэкспортпен» кәсіпорынды технологиялық жабдықпен жете жарақтандыру бойынша, «Уралвагонзауытымен» броньдалған танктік техникаға жиынтықтаушы қосалқы бөлшектер бойынша бірқатар келісімшарттар жасағымыз келеді. Біз бұл жерде сондай-ақ, бір шетелдік ресейлік емес компаниямен экспорттық келісімшартқа қол қоюды болжамдаймыз. Бізде де «Швабе» холдингысымен, «Қорған машина жасау зауытымен», «Әскери-өнеркәсіптік корпорациямен» және белорустық әріптестермен кездесулер және келіссөздер тағайындалған. Сондай-ақ, пәкістандық әскери-өнеркәсіптік кешеннің өкілдерімен кездесуді жоспарлаймыз», - деп  Талғат Тұрлыбаев таяу арадағы екі күнге арналған жоспарлары туралы бөлісті.



Ол форумның өткізілуі барысында болашақта тиімді келісімшарттарға қол қоюмен аяқталатын басқа да пайдалы кездесулердің болатындығына сенім білдіреді. «Армия 2018» Форумы» - бұл әріптестердің кездесулері мен шарттар жасалынатын іскерлік алаң. Келісімшарттар бойынша көптеген құжаттар жұмыс тәртібінде жасалды, бірақ біз оларға көрменің жұмыс уақытында қол қоятын боламыз», - деп атап өтті Тұрлыбаев. 



Оның айтуы бойынша, форумның іскери бағдарламасы өте маңызды болмақ. «Патриот» саябағында «Семей инжиниринг» АҚ басқа «Қазақстан инжиниринг» АҚ енетін бірқатар компаниялар шығарылып қойылады. 

«Мұндай форумдарда біз бір-бірімізбен жете танысамыз. Мысалы, біз конверсиялық техниканың кейбір үлгілерін өзімізде өткен KADEX 2018 көрмесінде таныстырғанбыз, міне енді соларды алып Ресейге келдік. Бұл үлгілерге деген қызығушылық өте көп. Біз броньдалған танктік техниканы күрделі жөндеу, жаңғырту, конверсиялық техника бойынша өз мүмкіншілігімізді көрсетеміз. KADEX 2018  көрмесінің қорытындылары бойынша бірқатар компаниялар бізбен келісімшарттар жасасуға ниеттерін білдірді, біз оларға тап осы жерде «Армия 2018» форумында қол қоямыз», - деді Талғат Тұрлыбаев.



Форумда тек сегіз мемлекет қана өз қойылымдарын ұсынды. Қазақстаннан басқа, ұлттық стенділерде Арменияның, Белоруссияның, Үндістанның, Қытайдың, Пәкістанның, Словакияның және Түркияның өкілдері жұмыс істеуде. Қалған елдер жеке кәсіпорындар арқылы ұсынылып, барлық үш павильонға таратылып қойылған. «Армия 2018» халықаралық әскери-техникалық форумының жұмысына биылғы жылы барлығы 18 елдің 80-нен астам шетелдік қорғаныстық кәсіпорындары қатысады, 1200-ден астам қорғаныстық-өнеркәсіптік кәсіпорындар 26 мың жәдігерлер қойды, әртүрлі мемлекеттерден жүзден артық делегациялар тіркелді. Форумның қатысушылары өз өнімдерін ұсынып қана қоймай, әлеуетті серіктестердің ұсыныстарын, «Патриот» саябағына қойылған ресейлік заманауи әскери техникалардың үлгілерін зерттеп біледі және Кубинка әуежайы мен «Алабино» полигонында осы техниканың мүмкіндіктерін таныстыруды бақылайды. ІV-ші Халықаралық «Армия 2018» әскери-техникалық форумы 26 тамызға дейін созылады.