Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

Қазақстан Ресейдегі "Армия-2018" халықаралық форумына қатысуда

24-08-2018, 10:31 2 824


АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - 2018 жылғы 21-26 тамыз аралығында Мәскеу облысының Кубинка қаласында Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің (ҚӨК) кәсіпорындары қатысатын ІV халықаралық "Армия-2018" әскери-техникалық форумы өтеді, деп -хабарлайды "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі. 
Қазақстандық стенд 200 шаршы метрден астам ауданды алып жатыр, отандық компаниялар әскери және қосарлы тағайындалған бұйымдардың 120-дан астам заттай үлгілері мен пішіндерін көрсетті, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) баспасөз қызметі. 



"ҚАИ" ЖШС, "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ, "Тыныс" АҚ "Семей инжиниринг" АҚ, "Қазарнайыэкспорт" РМК, "405 Авиажөндеу зауыты" АҚ және ҚӨК саласындағы басқа компаниялар ұлттық көрмелік жәдігерлерін көрсетті.    
Электрондық-оптикалық өнімдерді шығару бойынша "ҚАИ" зауыты көрмеде радиобайланыстың кәсіби құралдары мен жылувизиялық аспаптарға арналған инфрақызыл линзаларды көрсетті.   
"С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ құрамында нысаналы қондырғылар, әртүрлі мөлшердегі нысаналар, басқару блоктары, сондай-ақ, радиожелілік стансалар бар әмбебап полигондық жабдықтар ұсынды.  



«Семей инжиниринг» кәсіпорыны жаңғыртылған броньдалған танктік және конверсиялық техниканың, оның ішінде Т-72 танкісінің, ЖӘСК мен БТР-80-ң базасындағы жөндеу-көшіру және бақылау-барлау машиналарының пішіндерін қойды. 
"Тыныс" АҚ "Армия-2018" форумында авиациялық өнеркәсіпке арналған жиынтықтаушы бұйымдар мен әскери керек-жарақтар: броньды күртешелер, броньды жүйелер, қорғайтын тақталар, дулығалар мен басқа өнімдерді қойып көрсетті.  
ҚӨК отандық кәсіпорындары экспорттық әлеуеті бар әскери техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілері қойылатын осы форумға үшінші жыл қатарынан қатысуда. Форумның барысында қазақстандық делегацияның шетелдік серіктестермен бірқатар келіссөздер жүргізуі жоспарланған, - деп атап өтті ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметі. 







Ссылка на источник: http://www.lenta.inform.kz/ru/kazahstan-uchastvuet-v-mezhdunarodnom-forume-armiya-2018-v-rossii_a3364285