Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

Директордың Жаңа жылдық құттықтауы

25-12-2020, 12:16 2 214


                                                                             Қымбатты достар!
      Сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Біз мереке қарсаңында жыл қорытындыларын шығарып, келешекке жоспарлар құрамыз. Біздің мақтан тұтарлық бүгінгіміз және қол созар болашағымыз бар! 
        Зауыт қызметінің басты бағыты үнемі өзгеріссіз болып қалады – бұл броньдалған танктік техниканы жөндеудің бүкіл шоғыры.                "Семей инжиниринг" АҚ Қазақстан Республикасының броньдалған танктік техникасын жауынгерлік әзірлікте ұстауда айрықша үлкен рөл алады. 
       Қазір кәсіпорында 363 адам еңбек етуде. Зауыттықтар биылғы жылы өз күштерін аямастан, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін 10-12 сағаттан жұмыс істеді! Және де біз МҚТ өз мерзімінде орындадық – ҚР ҚМ-мен бұрыңғы жасалған және ағымдық шарттар бойынша техникалар өткізілді. 
        2019-шы және 2020-шы жылдарды салыстыратын болсақ, өндіріс көлемі – 1,8 есе артты, бұл 12,8 млрд теңгені құрайды. 
       Еңбек өнімділігі - 35,5 млн теңгеге дейін ұлғайды. 
       Кәсіпорынмен 12 млрд теңгеден астам кіріс алынды. 
       Шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша – зауыт 1,8 млрд теңге пайда алу күтілуде. 
   Кәсіпорын 682,4 млн теңге сомасында салықтар төледі, оның ішінде республикалық бюджетке - 394,7 млн теңге және жергілікті  бюджетке 287,7 млн теңге. 
         Зауыт әр жыл сайын жалақыны өсіріп отырады. Орташа айлық жалақы қазір - 238 мың теңгені құрайды, оның ішінде өндірістік персонал – 224 мың теңге. 
          Жалақы бойынша, салықтық төлемдерді төлеу, сондай-ақ, жеткізушілердің алдында біздің берешектеріміз жоқ. 
         Бүгінде зауытта өндірістің көлемдері ұлғайтылып, өнімдердің түржинағы кеңейтілуде. Көптеген шетелдік кәсіпорындармен серіктестік байланыстар орнатылды. Кәсіпорын әскери тағайындалған атаулықтардың айтарлықтай мөлшерін игерді және бір мезетте өндірісті жаңғыртумен азаматтық тағайындалған тапсырыстарды орындауда. Және бұған біздің үлкен командамыздың әр мүшесінің қосқан өз үлесі бар!
       Еліміздің әскери және экономикалық қуатын нығайту – бұл біздің басты тапсырмамыз. Біз дұрыс жолдамыз, және біздің адал еңбегіміз Мемлекет сұранысына ие.
       Біздің техникалық әлеуетіміз, бизнесті дамытуға арналған тың идеяларымы бар. Бірақ, ең бастысы тәжірибелі және жоғары сыныпты мамандарымыз кез-келген тапсырмаларды еңсереді!
      Зауыт ұжымына кәсіпқойлықтары, еңбек сүйгіштіктері, ең күрделі өндірістік тапсырмаларды шеше білгендіктері, іске жауапты қарым-қатынастары мен жоғары нәтижеге деген нысаналы мақсаттары үшін алғысымды білдіремін.  
   Келер жылға жоспарлар құра отырып, біз үнемі жақсылыққа үміттіміз, армандаймыз, тілек тілейміз. Барлықтарыңыздың шаңырақтарыңызда тыныштық пен махаббат, қуанышты сәттер мен әзіл-қалжың орын алсын! Сіздер мен сіздердің жақындарыңыз аман-есен, бақытты, барлық істерде сәттілік серіктеріңіз боп, әр отбасының төрі сүйіспеншілікке толы болсын!
       Биылғы жыл орындалған үміттерге, қол жеткен мақсаттарға және жағымды жаңалықтарға толы болсын!