Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

«Семей инжиниринг» АҚ-да Жеңістің 75-жылдығына арналып зауыттың сандық Мәңгілік полкы жасалды!

6-05-2020, 15:02 1 570

       

 «Семей инжиниринг»  АҚ-да Жеңістің 75-жылдығына арналған «Семей инжиниринг» АҚ-ң «Мәңгілік полкы» жаңа сандық жобасы жасалынды.  Біз осы жоба арқылы батырлар жайлы мәңгі естелік қалдырып, өз отбасыңның тарихын неғұрлым көп қазақстандықтардың білгендігін қалаған едік. 

Зауыттың әрбір жұмыскері осы жобаның қатысушысы бола алды. Зауыттықтар екі күннің ішінде туғандарының әскери фотосуреттерін, хаттарын,  наградаларының суреттерін әкеліп тапсырды. Көбісі Ұлы Отан соғысына қатысқан өздерінің туғандары мен туыстарын халық естелігі – сайтынан тауып алды.   

Егер соғыста хабарсыз кеткен атаңыз жайлы 70 жыл ішінде сіз де, сіздің жақындарыңыз да ешбір дерек ала алмасаңыздар, бүгінгі күні табуға және бір нәрсе білуге мүмкіндік бар.  Мұндай керемет жағдай бізде де орын алды! Туғандары майдангерді ұзақ уақыт бойы іздеп, оны сайттан тауып алды. Сөйтсе, аты мен тегі дұрыс жазылмаған екен.  

Нәтижесінде жап-жақсы жобаға қол жеткізілді! 

Ұлы Отан соғысының батырлары мыңдаған қазақстандықтардың жүрегі мен жадында мәңгілік орын алады. Олардың фотосуреттері, хаттары мен естеліктері әрбір үйде мұқият сақталынып, балалар мен немерелерге олардың өшпес ерліктері жайлы үнемі айтылады. 


Олар жайлы естелік ешқашан сөнбейді!