Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

3D-үлгілеу бойынша Олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

6-07-2019, 12:53 1 897

Оған 3D үлгілеуде дағдыланған барлық тілек білдірушілер, оның ішінде жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері қатысты.


Конкурс 2 кезеңнен тұрды: біріншісінде – қатысушылар онлайн тестік тапсырмалар, ал финалдық кезеңде сызбаларды рәсімдеумен 3D үлгілердің құрылысы бойынша практикалық тапсырмалар шешті. 



Келесілер Олимпиаданың жеңімпаздары болып танылды: 

  • 1-ші орын Андрей Карпов, 300 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай жүлде, «Семей инжиниринг» АҚ-на инженер-құрылымдаушы лауазымына жұмысқа орналастыру сертификаты;
  • 2-ші орын Ринат Мамбетов, 200 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай жүлде,  зауыттан ақылы тәжірибеден өту сертификаты;
  • 3-ші орын Мақсат Тайжумин, 100 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай жүлде, зауыттан ақылы тәжірибеден өту сертификаты.


Бұдан басқа, жеңімпаздар демеушілерден бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, сайыстың қорытындысына сәйкес, зауыттың резервтік қорын қалыптастыру үшін неғұрлым дарынды қатысушыларды іріктеу мақсатында база құрылады және рейтинг жасалынады.  


«Бізге сандық өндірісті, жаңа материалдармен және аддитивті технологияларды зерделеумен әуестенетін білімді мамандар, дарынды жастар қажет», - деп атап өтті «Семей инжиниринг» АҚ Бас директоры – Талғат Тұрлыбаев.  


Аталмыш іс-шара   Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің және «АСКОН-Қазақстан» ЖШС қолдауымен Жастар жылының шеңберінде ұйымдастырылды.  


«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Баспасөз-қызметі