Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

Қазақстан Президенті Белоруссиямен өндірістік және ғылыми-техникалық кооперация жайлы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

6-03-2019, 12:53 1 717
     

Қазақстан Президенті Белоруссиямен өндірістік және ғылыми-техникалық кооперация жайлы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Астана. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Белоруссиямен өндірістік және ғылыми-техникалық кооперация жайлы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мемлекет басшысымен "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланатын болады. 


2017 жылдың 29 қарашасында Минскіде қол қойылған құжат Қазақстан мен Белоруссия кәсіпорындарының арасында қорғаныстық өнеркәсіп саласындағы өзара әрекеттерді реттейді. 


Сенаттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, заң әскери саладағы ғылыми-техникалық ақпарат пен зияткерлік қызметтің нәтижелерін, әскери тағайындалған өнімдер: қару-жарақты, әскери техниканы жөндеу мен жаңғырту, өндіру, әзірлеу, әскери тағайындалған жұмыстар мен қызметтер мәселелерін реттейді. Сондай-ақ, құжат қосарлы қолдану тауарлары: шикізатты, жабдықты, азаматтық мақсаттарда қолданылатын, бірақ, өз ерекшеліктері мен қасиеттеріне қарай жаппай қыру қарулары мен қару-жарақтардың басқа түрлерін құру мақсатында қолданыла алатын жұмыстар мен қызметтерді қозғайды.   


Заңмен әскери-техникалық тағайындалған қызметтерді көрсету; қосарлы қолданылатын әскери бағыттағы өнімдер мен тауарларды жөндеу мен жаңғырту, өндіру үшін қажетті, өз мұқтаждығына арналған өнімдерді жеткізуді жүзеге асыру да реттеледі.  


Келісімнің шеңберінде әскери-техникалық тағайындалған қызметтер мен жеткізілетін өнімдерді лицензиялау мен үлестеуден босату сияқты өнеркәсіптің қорғаныстық салалары ұйымдарының экономикалық, өндірістік және ғылыми-техникалық кооперацияға арналған қолайлы жағдайлары қамтамасыз етілетін болады.  Келісіммен тараптардың өкілетті құзырлы органдары айқындалған, Келісім шеңберінде берілген және құрылған  зияткерлік жекеменшікті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар бекітілген, тараптармен ұсынылатын өнімдерді қабылдау мен сапаны бақылау мәселелері бірыңғайландырылған, - деп нақтылады  Сенат.  


 
 

Дереккөз Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.