Авторизация на сайте

лучший сайт где можно скачать шаблоны для dle 11.2 бесплатно

Бізбен қалай байланысуға болады

  • +7 (7222) 55-08-08
  • mail@se-btrz.com
  • Қазақстан, Семей, Батыс өнеркәсіптік торабы 1

"Семей инжиниринг" АҚ таңдаулы қызметкерлері марапатталды

11-10-2018, 09:40 2 306
 

   

       2016 жылғы 6 қазанда Мемлекет басшысы – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылған болатын. 

Министрліктің дәл құрылған күні еліміздің қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнінің құрметіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі - Бейбіт Атамқұловтың бұйрығымен Экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы – Айгүл Мұхаметкәрімқызы Баймолдинова, негізгі өндірістің техникалық жұмыскері – Бақытгүл Айдарбекқызы Сейткамалова, зауыт асханасының аспазы – Елена Васильевна Коробкина   «Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. ЖЭУ слесары – Серікбол Түкенұлы Сәкенов «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Механик – Айтмұханбет Шаихмаданұлы  Жұмабаев пен негізгі өндірістің слесары - Максим Владимирович Дорошенко Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Біздің жұмыскерлеріміз – негізгі өндірістің слесары - Александр Васильевич Орехов, негізгі өндірістің пісірушісі - Александр Владимирович  Ситников пен МЖУ слесары – Қанат Уәлибайұлы Иманғалиев Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі - Бейбіт Атамқұловтың атынан Алғыс хат алды.  

    «Семей инжиниринг»АҚ ұжымының атынан өз қызметкерлерімізді жоғары марапатпен құттықтаймыз және Сіздерге   зор денсаулық, бақыт, сарқылмас жігер-күш, отбасыларына амандық, істеріне жетістік пен кәсіби салада жемістер тілейміз!